50338
Әлем чемпионаты: Аргентина финалға шықты
Әлем чемпионаты: Аргентина финалға шықты
Катардың «Лусаил» стадионында өткен әлем чемпионатының жартылай финалында Аргентина мен Хорватия құрамалары кездесті деп хабарлады turkystan.kz.
Ойынның 34-минутында Лионель Месси пенальти орындап, есеп ашты.
Ал 39-минутта Хулиан Альварес есепті еселеді. Таблодағы сан – 2:0. Ол 69-минутта да көзге түсті. Осылайша, матчтағы дубль авторы атанды. Есеп – 3:0.
Осылайша, Аргентина әлем чемпионатының финалына өтті. Ертең Марокка мен Франция арасындағы ойын өтеді. Қай жеңгендері Аргентинамен кездеседі.