50274
Қазақстандық параспортшы халықаралық турнирде 4 алтын жеңіп алды
Қазақстандық параспортшы халықаралық турнирде 4 алтын жеңіп алды

Парапауэрлифтер Ерболат Кәрібай «Гвадалахара-2022» халықаралық турнирінде топ жарды деп хабарлады turkystan.kz.
Дене мүмкіндіктері шектеулі жандарға арналған спорттық даярлау орталығының мәліметіне сенсек, 9-12 желтоқсан аралығында Мексикада парапауэрлифтингтен «Гвадалахара-2022» халықаралық турнирі өткен.
Жарысқа 15 мемлекеттен 120-дан астам спортшы қатысты.
Турнирде қазақстандық Ерболат Кәрібай -49 кг салмақта ересектер арасында, сонымен қатар жастар және ересектер арасындағы «тотал» санатында сәтті өнер көрсетіп, 4 алтын медаль жеңіп алды.
