Астанада «Жаңа белестегі жастар» форумы өтті

Астанада «Жаңа белестегі жастар» форумы өтті

Астанада «Жаңа белестегі жастар» форумы өтті
ашық дереккөзі

Тәуелсіздік күні қарсаңында Астанада «Жаңа белестегі жастар» атты дәстүрлі жастар форумы өтті. Оған 300-ден астам жас қатысты. Оларға белгілі бизнес-жаттықтырушылар мен қоғам қайраткерлері арнайы мастер-класс ұйымдастырды деп хабарлады turkystan.kz елорда әкімдігінің сайтына сілтеме жасап. Форум жұмысына Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дархан Қыдырәлі, Астана қаласы әкімінің орынбасары Есет Байкен, мемлекеттік органдардың өкілдері, сондай-ақ еңбек сіңірген мәдениет және өнер қайраткерлері және басқалар қатысты.
«Біз елордада тұратын жастардың басын қосып отырмыз. Форум қорытындысы бойынша Астананың 2023-2027 жылдарға арналған даму стратегиясын жасаймыз. Оған ірі жобалар кіреді. Олардың қатарында бизнес пен волонтерлікті дамыту стратегиясы бар», - деді Астана қаласы Жастар саясаты мәселелері басқармасының басшысы Қайрат Қамбаров.
Форум аясында Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығының 19 лауреаты марапатталды. Сыйлықты тапсыру — қазақстандық жастардың ел дамуына қосқан құнды үлесіне баға беру. Дархан Қыдырәлінің айтуынша, Парламент Сенаты жастар саясаты туралы заң жобасын мақұлдаған. Құжат Президентке қол қоюға жіберілді. Заң жобасында жас ұрпақтың өзекті мәселелері көрсетілген. Онда атап айтқанда, жастардың жасын 35 жасқа дейін арттыру жазылған. Тиісінше, осы жас санатындағы адамдарда «Дарын» сыйлығына үміткер болу және басқа да жастар бағдарламаларына қатысу мүмкіндігі пайда болды.
«Жас адам ғылыммен айналысып, мемлекет жастарға мүмкіндік бөлгенде, жастар мотивация алады және ғылым жолында одан да көп еңбек еткісі келеді», — деп атап өтті «Ғылым» номинациясы бойынша «Дарын» сыйлығының иегері Фарух Машуров.
Естеріңізге сала кетейік, «Дарын» сыйлығы түрлі салаларда 10 номинация бойынша беріледі. 30 жыл ішінде 300-ден астам дарынды жас лауреат атанды. Дәстүр бойынша барлық жеңімпаздарға «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығының лауреаты» атағы, сол сияқты диплом, төсбелгі және ақшалай сыйақы беріледі.