Қытай мен Сауд Арабиясы 30 млрд долларлық келісімге қол қойды

Қытай мен Сауд Арабиясы 30 млрд долларлық келісімге қол қойды

Қытай мен Сауд Арабиясы 30 млрд долларлық келісімге қол қойды
ашық дереккөзі
Қытай төрағасы Си Цзиньпинь Сауд Арабиясын сенімді серіктесі ретінде көреді деп хабарлады turkystan.kz atameken.bussiness-ке сілтеме жасап. Қытай  Сауд Арабиясын Таяу шығыстағы ең негізгі серіктесіміз деп атады. Эр Риядта өткен қытай араб саммитінде қытай төрағасы Си Цзиньпин мұсылман мемлекетімен дипломатиясын халықаралық және аумақтық деңгейде жалғастыратынын мәлімдеді. Соңғы жылдары екі ел арасындағы қарым-қатынас жоғары деңгейге жеткен. Сауд арабиясы өз мұнайының төрттен бір бөлігін Қытайға сататын көрінеді. Шетелдік басылымдардың хабарлауынша, бұл кездесуден кейін Си Цзиньпин мен Сауд Арабиясының тақ мұрагері Мухаммед бен Салман 30 млрд долларлық келісім шартқа қол қояды. Мұнымен қоса, Қытай басшысы араб мемлекеттері мен парсы шығанағы елдері көшбасшыларының саммитіне қатысып қайтпақ.