50274
Түркия мен Әзербайжан бірлескен әскери жаттығулар өткізіп жатыр
Түркия мен Әзербайжан бірлескен әскери жаттығулар өткізіп жатыр
Әзербайжан Қорғаныс министрлігінен жасалған мәлімдемеге қарағанда екі ел арасындағы әскери ынтымақтастық келісімі аясында Түркия және Әзербайжан армиясы Баку, Астара, Жебрайыл және Имисли облыстарында жаттығу жұмыстарын бастады деп хабарлады turkystan.kz turanews.kz-ке сілтеме жасап.
Оқу-жаттығуда құрлық және әуе күштері, арнайы жасақтар, ракеталық-артиллериялық бөлімшелер түрлі міндеттерді орындауда.
Бірлескен оқу-жаттығуда соғыс уақытында әскерлердің үйлесімділігін қамтамасыз ету, басқаруды жетілдіру, тәжірибе алмасу және жеке құрамның кәсіби деңгейін арттыру көзделуде.