50380
ӘЧ: Хорватия Бразилияны жеңді
ӘЧ: Хорватия Бразилияны жеңді

Катарда өтіп жатқан әлем чемпионатының 1/4 финалында Хорватия мен Бразилия құрамалары кездесті деп хабарлады turkystan.kz.
Кездесу Хорватияның жеңісімен аяқталды. Сонымен бірге негізгі уақытта қарсыластар есеп аша алмады. Қосымша уақытта Неймар 105-минутта гол соғу мүмкіндігін пайдалана білді. Ал 117-минутта Бруно Петкович қарымта голды соқты.
1/2 финалда хорваттар Нидерланды-Аргентина жұбының жеңімпазымен ойнайды. Матч 14 желтоқсанға қараған түні өтеді.
Бүгін, 10 желтоқсанға қараған түні Нидерланды мен Аргентина құрамалары кездеседі.