Гонконг тұмауының екінші толқыны Қостанайға келді

Гонконг тұмауының екінші толқыны Қостанайға келді

Гонконг тұмауының екінші толқыны Қостанайға келді
ашық дереккөзі
277
Қостанайда гонконг тұмауы вирусымен ауырған 20 жағдай тіркелді. Бұл туралы «ҚазАқпарат». Қостанай облыстық балалар ауруханасы бас дәрігерінің медициналық бөлімі бойынша орынбасары Ольга Сонның айтуынша, «жұқпалы аурудың екінші толқыны Челябіден келген». Көптеген тұрғындар бұл жұқпалы ауруды жаңажылдық демалыста Ресейде болып, өздерімен алып келген. Енді бұл жергілікті тұрғындар арасында таралуда. Облыстық балалар ауруханасында тұмаудың күрделі түрімен және ЖРВИ-мен ауырған науқастар әзірге жоқ, бұл дертке шалдыққан тұрғындарды қалалық балалар клиникасы қабылдауда. «Қостанайда А үлгісіндегі (H3N2) тұмаумен ауырғандар немесе гонконг тұмауын жұқтырғандар саны 20-дан асты, - деді Қостанай облыстық тұтынушылар құқығын қорғау департаменті басшысының орынбасары Рагүл Тәженова. Бұрын хабарланғандай, Қостанай облысында эпидемиялық маусымның басынан бері (2016 жылдың 1 қазаны) вирустық инфекциямен ауырған барлығы 34 мыңнан астам дерек тіркелді.  

Серіктес жаңалықтары