50242
Түрік депутатына қастандық жасалды
Түрік депутатына қастандық жасалды

Белгісіз ер адам Түркияның Yenilik партиясының жетекшісі, депутат Өзтүрік Йылмазға пышақ сұғып алды деп хабарлады turkystan.kz.
«Оқиға партияның Анкарадағы штаб-пәтерінде болды. Өзтүрікпен кездесуге келген ер адам оның оң аяғына екі рет пышақ сұғып алған. Ол ауруханаға жеткізілді. Ал жағдайы қанағаттанарлық деп бағаланды», - делінген хабарламада.
Шабуылдан кейін күдікті қашып кеткен, қазір оны полиция іздеп жатыр.