Абаттандыру кезінде елді мекендерге ерекше назар аударылады. Елді мекендердің өзінде 300-ге жуық аула мен қоғамдық кеңістік абаттандырылды, Көктал аумағында 16 гектарды алып жатқан саябақ салынды.
Қоғамдық кеңістіктер мен аула аумақтарында әркім өз қалауы бойынша серуен құра алады: баскетбол/футбол алаңдары, workout-аймақтар, тыныш күйде демалуға арналған аймақтар, әткеншектер, сол сияқты шығармашылық талантын паш етуге арналған сахналар, коньки-аймақтар және т.б.
2023 жылы Үркер (Ильинка), Телман елді мекендеріндегі, Ш.Айтматов көшесіндегі, Ж.Тәшенов және Т.Хусейн көшелерінің қиылысындағы, Абай даңғылында гүлзарларды абаттандыру жоспарланып отыр. Сол сияқты Күйші Дина көшесінен Мұстафин көшесіне дейін, Жүргенов көшесі, 28/1, Қошқарбаев көшесі, 45, Қордай және Тайқазан көшелерінің қиылысында, К.Әзірбаев көшесі, 10-14 және т.б. Абылайхан даңғылының бойында саябақтар (гүлзарлар, желекжолдар) болады.
Сонымен қатар, Кіші Талдыкөлде экопарк салынады. Экопарк жобасы аумақты абаттандыруды, су балансын сақтай және толықтыра отырып, рекреациялық аймақ құруды көздейді.