«Ұлы тарих және Ұлы әулиелер» кітабы жарыққа шықты

«Ұлы тарих және Ұлы әулиелер» кітабы жарыққа шықты

«Ұлы тарих және Ұлы әулиелер» кітабы жарыққа шықты
ашық дереккөзі
ҚР Ұлттық академиялық кітапханасында араб, парсы және шағатай тілдерінің маманы, Қазақстан мұсылмандары Діни басқармасының Ғұламалар кеңесінің мүшесі, Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінің «Түріктану» ғылыми-зерттеу орталығының аға ғылыми қызметкері – Зәріпбай Жұманұлы Оразбайдың «Ұлы тарих және Ұлы әулиелер» кітабының таныстырылымы өтті деп хабарлады turkystan.kz. Қазақстан Жазушылар одағы төрағасының бірінші орынбасары Ақберен Елгезек модератор болды.  width= Таныстырылымға белгілі ғалымдар: Серік Негимов, Қойшығара Салғараұлы, Қайрат Сақ, Амангелді Құрмет, Ақеділ Тойшанұлы, Нәпіл Базылхан, Орынбасар Лестаев, Өмірәлі Көпбаев, Дәулеткерей Кәпұлы, Ержан Исақұлов және т.б. зиялы қауым өкілдері мен ЖОО-ның тарихшы магистранттары мен докторанттары қатысты. Жинақтағы негізі еңбек Ақтан сопы Құтбтың, хижра жыл санағы бойынша 1142 (м.1730) жылы жарық көрген «Біздің тарих» атты кітабы.  width= Кітап бірнеше еңбектердің жиынтығынан құралған және онда сан ғасырлардан бері Ұлы далада өмір сүріп, тіршілік еткен, түркі халықтарының, олардың қатарында кейіннен «қазақ» деп аталған халықты құраған ру-тайпалардың шығу тегі, дамуы, тыныс-тіршілігі, тарихы, өмірлік салт-дәстүрлері, мекендеген атақоныстары, бір-бірімен қарым-қатынастары, қол жеткізген ұлы жетістіктері туралы тың деректер қамтылған.  width=