Ғаламторға пікір жазушылар алдағы уақытта телефон номерін тіркеуі мүмкін

Ғаламторға пікір жазушылар алдағы уақытта телефон номерін тіркеуі мүмкін

Ғаламторға пікір жазушылар алдағы уақытта телефон номерін тіркеуі мүмкін
ашық дереккөзі
329
Ақпарат және коммуникациялар министрлігі электронды бұқаралық ақпарат құралдарында пікір қалдыратын азаматтарды ұялы телефон нөмірі арқылы тіркеп отыруды ұсынып отыр, деп xабарлайды ҚазАқпарат. Бұқаралық ақпарат құралдары, ақпараттандыру және байланыс саласындағы мемлекеттік бақылау комитеті төрағасының орынбасары Миxаил Комиссаровтың айтуынша, жаңа заңға енгізілетін аталған норма бекітілсе, пікір жазатын барлық комментаторлар жеке телефон нөмірлері арқылы аутентификациядан өтетін болады. «Бұл дегеніміз, бір адам пікір қалдырғысы келсе, алдымен өз телефон нөмірін енгізеді. Осыдан кейін оған смс-xабарлама келеді. Ондағы код арқылы ол өз пікірін жариялай алады. Ондай норманың негізгі мақсаты - арандатушылық әрекеттердің алдын алу. Өйткені бүгінде кейбір мәселелер бойынша туындайтын «комментаторлық» дау-дамайлар шектен асып, ұлтаралық келіспеушіліктерге ұласып жатады. Ал арандатушылық ойы бар адам телефон нөмірі арқылы пікір қалдыратын болса, өзі жазған сөзі үшін жауапкершіліктің болатынын сезеді», - деп атап көрсетті Комиссаров. Ақпарат және коммуникациялар вице-министрі Алан Әжібаевтың сөзіне қарағанда, аталған норма әлі де талқыға салынатын болады. Жалпы, ақпарат және коммуникациялар мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы заңға қатысты 200-ге жуық ұсыныс бар. Арнайы жұмыс тобы осы өзгерістердің бәрін жан-жақты зерделеп шықты.

Серіктес жаңалықтары