50331
АҚШ-та 8 жасар бала 5 жасар балаға оқ атқан
АҚШ-та 8 жасар бала 5 жасар балаға оқ атқан

АҚШ-та сегіз жасар бала бес жасар досына тапаншадан оқ атты деп хабарлады turkystan.kz.
Басына оқ тиген бала жақын маңдағы ауруханаға жеткізілген, кейін тікұшақпен басқа емханаға ауыстырылған. Оның жағдайы өте ауыр.
«Әзірге 8 жастағы баланың қаруды қайдан алғаны, сондай-ақ сол кезде үйде қанша адам болғаны белгісіз. Оқиғадан кейін үш адам қамауға алынды, бірақ оларға әлі айып тағылған жоқ», - деп жазылған БАҚ-та таралған хабарламада.