50664
«Айбоз» ұлттық әдеби сыйлығының жеңімпаздары анықталды
«Айбоз» ұлттық әдеби сыйлығының жеңімпаздары анықталды

Мәдениет және спорт министрлігі ұйымдастырған «Айбоз» ұлттық тұңғыш әдеби сыйлығының жеңімпаздары белгілі болды деп хабарлады turkystan.kz.
«ҮЗДІК ПОЭЗИЯ» номинациясы бойынша «Жұмбақ арал» поэмасы –
Батырхан Сарсенхан;
«ҮЗДІК ПРОЗА» номинациясы бойынша «Тырнақ» әңгімесі –
Айгүл Кемелбаева;
«ҮЗДІК ДРАМАТУРГИЯ» номинациясы бойынша «Мың мен жалғыз...» пьесасы –
Талғат Теменов;
«ҮЗДІК АУДАРМА» номинациясы бойынша Стефан Цвейгтің «Амок», «Бақилық ағаның көз жасы» новеллалары –
Кенжебай Ахметов;
«ҮЗДІК БАЛАЛАР ӘДЕБИЕТІ» номинациясы бойынша «Іздер құпиясы» детективтік романы –
Бекен Ыбырайым;
«ҮЗДІК КОМИКС» номинациясы бойынша «Жетпіс палуан» комиксі –
Жантас Набиоллаұлы;
«ҮЗДІК КІТАП ДИЗАЙНЫ» номинациясы бойынша «Кенесары хан уа сұлтан Сыдық» – «AmalBooks» баспасы.
Айта кетейік, жеңімпаз атанғандар 5 миллион теңгеден ақшалай сыйлық алады. Сондай-ақ олардың еңбектері 500 данамен жарық көретін болады.
Марапаттау рәсімі 8 желтоқсан күні Алматы қаласы, Жамбыл атындағы филармония залында, сағат 16:00-де өтеді.