Ақтөбедегі атышулы шенеунік мемлекеттік қызметке оралғысы келеді

Ақтөбедегі атышулы шенеунік мемлекеттік қызметке оралғысы келеді

Ақтөбедегі атышулы шенеунік мемлекеттік қызметке оралғысы келеді
ашық дереккөзі
234
Күзде Ақтөбе облысы денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары қызметінен босатылған Алмат Ермағамбетовтен Ақтөбе қалалық сотына талап арыз келіп түсті, деп жазады diapazon.kz. Қалалық сот "Диапазонға" хабарлағандай, облыстық денсаулық сақтау басқармасының бұрынғы қызметкері Алмат Ермағамбетов жұмысын қайта қалпына келтіру туралы талап арыз берген. Шенеунік былтыр күзде болған жанжалдан кейін жұмысынан босатылған еді. Еске сала кетсек, облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары болған Алмат Ермағамбетов қыздарын беделді оқу орнына түсіру үшін 20 000 доллар бергенін полицияға хабарлаған. Оның айтуынша, таныс әйел үлкен қызын Назарбаев университетіне, ал ортаншы қызын Ақтөбедегі Назарбаев мектебіне түсіріп беремін деп ұсыныс білдірген. Ол шенеунікке НЗМ директорын танитынын, ал ЖОО проректоры оның ағасы екенін, ал өзі емтихан қабылдайтын комиссияның құрамында екенін айтқан көрінеді. Сол себепті шенеунік әйелге сенім артып, өз әйелінің көзінше 20 мың доллар берген және ешқандай қолхат жаздырып алмаған. Басы дауға қалған шенеунік Ақтөбедегі мемлекеттік қызметіне қайта оралғысы келеді. Осыдан кейін Ермағамбетов ірі көлемдегі алаяқтық туралы істе жәбірленуші атанды. Бұл бап бойынша Ботагөз Биекенова сотталып жатыр.  

Серіктес жаңалықтары