50233
ӘЧ: ширек финалда Хорватия Бразилиямен кездеседі
ӘЧ: ширек финалда Хорватия Бразилиямен кездеседі
Катар астанасы Дохадағы «974» стадионында әлем чемпионатының 1/8 финалының соңғы ойыны өтті деп хабарлады turkystan.kz.
Бразилия мен Оңтүстік Корея құрамалары арасындағы кездесу 4:1 есебімен аяқталды.
Кездесудің 10-минутында Винисиус Жуниор гол соқты. 3 минуттан кейін Неймар есепті еселеді. Матчтың 29-минутында Ришарлисон Андраде есепті 3:0-ге жеткізді. Ойынның 36-минутында Лукас Пакета таблодағы есепті ұлғайтты. Есеп – 4:0.
Оңтүстік Корея құрамасының футболшылары есепті 76-минутта ғана қысқарта алды. Паик Сенг Хо соққан гол ойын өрнегін өзгерте алған жоқ.