«Алдын ала мәлімет бойынша, зардап шеккендер мен қираған нысандар жоқ», - деді елдің төтенше жағдайлар қызметі.Оқиға туралы ақпаратты Шығыс әскери округінің баспасөз қызметі де растады. МиГ-31 ұшағы жоспарлы оқу-жаттығу тапсырмасын орындау үшін көкке көтерілген. Оқиға орнына іздеу-құтқару қызметінің Ми-8 тікұшақтары жіберілген. Алдын ала мәлімет бойынша, оқиғаға техникалық ақау себеп болуы мүмкін.
Ресейде жойғыш ұшақ апатқа ұшырады

Ресейде жойғыш ұшақ апатқа ұшырады
Оқиға 2 желтоқсан күні Приморск өлкесінде болған деп хабарлады turkystan.kz.
«МиГ-31 әуеге көтерілгеніне көп уақыт өтпестен апатқа ұшырады. Ұшақ Алексеевка ауылының маңындағы орманға құлады. Ал экипаж секіріп үлгерген» деп жазылған хабарламада.
Ұшқыштың жағдайы тексеріліп жатыр.