ӘЧ: Оңтүстік Корея құрамасы Португалияны жеңді

ӘЧ: Оңтүстік Корея құрамасы Португалияны жеңді

ӘЧ: Оңтүстік Корея құрамасы Португалияны жеңді
ашық дереккөзі
Оңтүстік Корея құрамасы Катардағы әлем чемпионатының 1/8 финалына шықты деп хабарлады turkystan.kz Vesti.kz-ке сілтеме жасап. Әр-Райан қаласындағы «Эдюкейшн Сити» аренасында өткен үшінші тур кездесуінде сары құрлық өкілдері Португалиямен кездесті. Нәтижесінде 5-минутта Рикарду Орта есеп ашса, 27-минутта Ким Юнь Квон таразы басын теңестірді. Үзілістен кейін кореялықтар көбіне қорғаныста ойнап, қарымта шабуылдарға көңіл бөлді. 91-минутта Сон Хын Мин жылдам қарымта шабуылға шығып, үш қорғаушының арасынан Хван Хи Чхванға әдемі пас шығарды. Ал «Вулверхэмптон» шабуылшысы жеңіс голының авторы атанды. Осылайша Н тобында 4 ұпаймен екінші орын алған кәрістер енді турнирдің 1/8 финалында Бразилиямен кездеседі.