Екібастұзға үш облыстан құтқарушылар жіберілді

Екібастұзға үш облыстан құтқарушылар жіберілді

Екібастұзға үш облыстан құтқарушылар жіберілді
ашық дереккөзі
Екібастұздағы төтенше жағдай басталғаннан бері ТЖМ Павлодар облысындағы бөлімшелері коммуналдық қызметтерге апаттың салдарын жоюға көмекке жұмылдырылуда деп хабарлады turkystan.kz министрліктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Су басқан орындардан су сорып шығару үшін сорғылар қолданылды. Ауруханаларда жатқан  балалар мен пациенттерді Екібастұз қаласынан Павлодар қаласына эвакуациялауға көмек көрсетілді. Жертөле үй-жайларын жылыту мақсатында бензин генераторлары орнатылып, жылу пушкаларының жұмыс істеуі қамтамасыз етілді. Бүгін Екібастұз қаласына қосымша ТЖМ күштері мен құралдары жіберілді. Оған Астана қаласы, Ақмола, Жамбыл және Қарағанды облыстарының ТЖД құтқарушылары және 52859 әскери бөлімінің жеке құрамы кірді. Бағытталған күштер мен құралдар жылыту құралдарымен (жылу пушкалары), электр қуатының дербес көздерімен, жарықтандыру аспаптарымен және байланыс құралдарымен жасақталған. Жылу желілерінің авариялық учаскелері бойынша күштер мен құралдарды бөлу жүргізілді. Коммуналдық қызметтермен бірлесіп жылумен жабдықтау бойынша жұмыстар жүзеге асырылуда. Сонымен қатар коммуналдық қызметтер мен мүделлі ұйымдардың жылыту пункттері орнатылды.