50488
Әлем чемпионаты: Жапония құрамасы Испанияны жеңді
Әлем чемпионаты: Жапония құрамасы Испанияны жеңді

Жапония құрамасы әлем чемпионатының Е тобындағы үшінші тур ойынында Испания құрамасын жеңді деп хабарлады turkystan.kz.
Матчтың 11-минутында Альваро Мората Испанияны алға шығарды.
Кездесудің 48-минутында Рицу Доан есепті теңестірді.
Ал 51-минутта Ао Танака есепті 2:1-ге жеткізді. Осылайша, Азиядан келген футболшылардың мерейі үстем болды. Осы нәтиженің арқасында 6 ұпай жинаған Жапония әлем чемпионатының 1/8 финалына жолдама алды.