50343
ӘЧ: Бельгия футболшылары елдеріне қайтады
ӘЧ: Бельгия футболшылары елдеріне қайтады

Катарда өтіп жатқан әлем чемпионатының топтық кезеңіндегі соңғы турда Хорватия мен Бельгия құрамалары кездесті деп хабарлады turkystan.kz.
Командалар тең есеппен тарқасты. Есеп - 0:0.
Осы нәтиженің арқасында есепте бес ұпайы бар Хорватия топта екінші орын алып, әлем чемпионатының келесі кезеңіне өтті.
Параллель матчта Канаданы 2-1 есебімен жеңген Марокко да топтағы бірінші орынмен плей-офф кезеңіне өтті. Ал Бельгия мен Канада құрамалары жарысты тоқтатады.