Халықтың қаржысы кәсіби спорт клубтарына қашанғы жұмсалады?

Халықтың қаржысы кәсіби спорт клубтарына қашанғы жұмсалады?

Халықтың қаржысы кәсіби спорт клубтарына қашанғы жұмсалады?
ашық дереккөзі
Қазақстанда қалыптасқан кәсіби спорт клубтарын бюджеттен қаржыландыру жүйесі көпшіліктің наразылығын тудырғалы қашан. Мемлекет басшысының өзі бұл мәселеге назар аударған. Алайда тәжірибелі бюджет шеберлері Президент бұйрықтарын орындап жатқандай сыңай ғана танытады деп жазды turkystan.kz sports.kz сайты таратқан ақпаратқа сүйеніп. Туризм мен спортты қолдау мақсатында құрылған  Sport Qory жақында өте қызықты ақпаратты жариялады. Дене шынықтыру мен спортты дамытуға бағытталған бюджеттен тыс қаражатты бөлуге арналған бұл бірыңғай оператор 2022 жылы «Астана» ФК, «Барыс» ХК, Astana Qazaqstan Team командаларын ұстауға барлығы 18 миллиард теңге бөлген. Бұл дегеніміз, бүгінгі валюта бағамы бойынша шамамен 38 миллион 387 мың 716 АҚШ доллары. Яғни, футболшыларға 4,8 млрд теңге, хоккейшілерге 8 млрд теңге, баскетболшыларға 1,2 млрд теңге, велошабандоздарға 4 млрд теңге қажет болған. Қор таратқан ақпаратқа сүйенсек, кәсіби спорт клубтарын қаржыландыру 2020 жылмен салыстырғанда 34%-ға дейін азайған. Десе де қалған отандық кәсіпқой спорт клубтары жоғарыда көрсетілген сомадан бірнеше есе аз жергілікті бюджеттің белгіленген қаржысына қол жаюға, сонымен қатар демеушілік қаражатты өз бетінше іздеуге мәжбүр. Бұл елде қандай да бір себептермен өздерін кәсіби спорт клубтары деп атайтын артықшылығы мол ұйымдардың шағын компаниясы барын байқататындай. Бұған дейін Sport Qory басшылығы таңдаулы клубтарға жасалатын қамқорлықты жоғарыда аталған клубтардың әлемдік аренада танымал болғанымен байланыстырған. Әрине, жеңісі мол дәстүрді сақтау – жақсы іс. Бірақ сол кәсіби клубтар сондай қамқорлыққа лайық па? Мәселен, «Астана» футбол клубы еуропалық додада өзінің антирекордын жаңарта жаздады. 2013 жылы құрлықтық деңгейдегі дебюттік маусымында бұл клуб Еуропа лигасы іріктеуінің бірінші кезеңінде болгариялық «Ботевтен» тас-талқан болып жеңілген. Сондағы есеп - 0:1 және 0:5. Биыл дәл осындай жеңілістің ащы дәмін астаналықтар УЕФА конференциялық лигасының іріктеу кезеңінде татты. Польшалық «Ракуваға» қарсылық таныта алмады. Құрлықтық хоккей лигасындағы «Барыстың» биылғы маусымдағы өнері жайлы отандық жанкүйерлер бізсіз де жақсы біледі... «Астана» баскетбол клубы өткен маусымда ВТБ Бірыңғай лигасында небәрі 10-орынға табан тірей алды. Отандық велоспорт жанкүйерлері аты дардай Astana Qazaqstan Team велоспорт командасы шабандоздарының қашан Гранд-Турдың жеңімпазы болғанын ұмытып қалған. Сондықтан Sport Qory-нан нәр алған спорт клубтары халықаралық аренада ел абыройын асқақтатып жатыр деп айтудың қажеті шамалы. Объективті түрде айтсақ, керісінше, кейінгі кездері абыройын түсіріп жатыр. Сонда Қазақстанға мұндай жаңа дәстүрлерді сақтау керек пе?