Мұрат Дүйсенбекұлы Әйтенов Шымкент қаласының әкімі лауазымына тағайындалды. Жарлық Ақорданың сайтында жарияланды деп хабарлады turkystan.kz. Әйтенов Мұрат Дүйсенбекұлы 1981 жылы Оңтүстік Қазақстан облысы Жетісай қаласында туған. Білімі: 2004 жылы армия генералы С.М. Штеменко атындағы Краснодар әскери институтын «Ұйымдастыру және ақпаратты қорғау технологиясы» мамандығы бойынша бітірген. 2011 жылы Қазтұтынуодағының Қарағанды экономикалық университетің «заңтану» мамандығы бойынша аяқтаған. Еңбек өтілі: 2004-2006 жж. – еңбек жолын Астана қаласында Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі жанындағы арнайы байланыс бөлімінің кезекшілік ауысымының аға инженер-бастығы болып бастаған. 2006-2008 жж. - ҚР ПІБ «Астана-Өнім» АҚ шаруашылық ауласының меңгерушісі. 2008-2010 жж. - ҚР ПІБ ведомстволық қарасты ұйымдарды басқару жөніндегі бөлімнің өндірістік қызметті үйлестіру секторының сарапшысы. 2010-2012 жж. - Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқармасының ресми іс-шаралар және сыртқы байланыстар бөлімі меңгерушісінің орынбасары. 2012-2013 жж. - Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқармасының ресми іс-шаралар және сыртқы байланыстар бөлімінің меңгерушісі. 2013-2017 жж. - Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқармасының аппарат басшысы. 2017-2019 жж. - Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқарушысының орынбасары. 2019 жылдың 27 желтоқсанынан – Шымкент қаласы әкімінің бірінші орынбасары. 2020 жылдың 21 қаңтарынан – Шымкент қаласының әкімі.
Жүктелуде...