Аргентина мен Польша плей-офф кезеңіне жолдама алды

Аргентина мен Польша плей-офф кезеңіне жолдама алды

Аргентина мен Польша плей-офф кезеңіне жолдама алды
ашық дереккөзі
Катарда өтіп жатқан әлем чемпионатының топтық кезеңінің соңғы турындағы Польша мен Аргентина құрамалары арасындағы ойын аяқталды деп хабарлады turkystan.kz. Бұл ойында Аргентина құрамасы қарсыластарын 2:0 есебімен жеңді. Бірінші голды 46-минутта Алексис Макаллистер соқты. 67-минутта Джулиан Альварес есепті еселеді. Осылайша, Аргентина әлем чемпионатының плей-офф кезеңіне шығуға мүмкіндік алды. Польша қосымша көрсеткіштер бойынша Мексиканы басып озып, 4 ұпаймен екінші орынды иеленді. Еуропа құрамасының гол айырмасы жақсырақ.