Қазақстанда балалар үйлері жанында тұңғыш рет бақылау кеңестері құрылады

Қазақстанда балалар үйлері жанында тұңғыш рет бақылау кеңестері құрылады

Қазақстанда балалар үйлері жанында тұңғыш рет бақылау кеңестері құрылады
ашық дереккөзі
227
 Қазақстандағы балалар үйлері жанында алғаш рет бақылау кеңестері құрылады. Мұндай тұжырымға ҚР Білім және ғылым министрлігінде келіп отыр. Бақылау кеңестері осы жылдың бірінші тоқсанында ашылмақ. Бақылау кеңестері балалар үйлерінің қызметтеріне қоғамдық бақылау жүргізеді. Кеңестер құрамдары қоғамдық ұйымдардың, балалар құқығын қорғау қорларының, асырап алушы ата-аналар қауымдастығының, мемлекеттік басқару органдарының (оның ішінде құқық қорғау органы) өкілдерінен құралмақ. Осылайша, қоғам балалар үйлерінің тыныс-тіршіліне етене қатысып, жағдайды бақылап, балалар құқықтарын бұзу әрекеттерінің алдын алады. ҚР БҒМ баспасөз қызметінен хабаралағандай, бақылау кеңестеріне бірқатар өкілеттілік жолданады. Мысал үшін, кеңестерге балалар үйлерінің қызметі жайлы есептерді тыңдауға, балалар үйлерінің басшылығының іс-әрекеттерін қадағалауға, балалардың жағдайын дербес бағалап, олармен әңгімелесуге мүмкіндік беріледі. Бақылау кеңестерінің атқарған жұмыстары жайлы ақпарат Интернет-ресурстарда, оның ішінде балалар үйлері мен ҚР БҒМ Балалар құқығын қорғау Комитетінің ресми сайтарында жарияланады. ҚР БҒМ-нің ойынша, бақылау кеңестерінің құрылуы балалар үйлерінің қызметін жақсартып, қоғам үшін жариялы етері сөзсіз. Бұл осы күнге дейін жабық мекемелер ретінде саналып, жағымсыз, тіпті кей кездері заңсыз әрекеттерге жол берілген балалар үйлерінің қызметіне оң әсерін тигізіп, қоғамдық қадағалауды күшейтері анық. Жыл сайын Қазақстанда ата-ана қамқорлығынсыз қалған балалар саны азаюда. Бұл - өз отбасына бала тәрбиелеуге ықылас білдірген ата-аналар санының өсуінен туындап отырған нәтиже. Елімізде көп жылдан бері алғаш рет жетім балалар санының төмендеуіне байланысты балалар үйі жабыла бастады. 2015 жылдан бастап 48 жетімдер үйі жабылды (жалпы саны 188-ден 140-қа дейін азайды). Отбасылық форма тәжірибесін кеңейту мақсатында 2016 жылдың 9 сәуірінде еліміздің кейбір заңнамалық актілеріне баланың құқықтарын қорғау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізілуі нәтижесінде жетім және қамқоршысыз қалған балалармен қарым қатынас жасаудың жаңа мүмкіншіліктері - асырап алушы отбасы, сондай-ақ, балаларды демалыс және мереке қүндері жанұяға тартатын - қонақтық отбасы сияқты жаңа формалар енгізілді. Бұл қазақстандық отбасылардың қамқоршылық белсенділігін арттыруға басты себеп болды. Сонымен қатар, жетім және ата-ана қамқорлығынсыз қалған балалар туралы мен балаларды асырап алғысы келетін жанұялардың республикалық мәліметтер базалары құрылып, өз жұмысын белсенді атқарып жатыр. Атқарылып жатқан шаралардың барлығы, оның ішінде балалар үйлерінің жанында бақылау кеңестерін құру да, балалардың өмір сүру сапасын мейлінше жақсартуға, құқықтарын қорғауға және қоғамның назарын ата-ана қамқорлығынсыз қалған балалар мәселелеріне көбірек аударуға бағытталып отыр.  

Серіктес жаңалықтары