Екібастұздағы көппәтерлі үйге бүгін жылу беріледі

Екібастұздағы көппәтерлі үйге бүгін жылу беріледі

Екібастұздағы көппәтерлі үйге бүгін жылу беріледі
ашық дереккөзі
Бүгін Екібастұз қаласында Мәшһүр Жүсіп көшесіндегі 17 көппәтерлі үйді жылыту жүйелеріне қосу жоспарланып отыр деп хабарлады turkystan.kz. 30 қарашада таңғы сағат 08.00-де Екібастұздағы төтенше жағдайды жою жөніндегі жедел штабтың отырысында қаланың жылу желілеріндегі қазіргі жағдай мен температуралық режимді қалпына келтіру бойынша қабылданып жатқан шаралар талқыланды.
«Бүгін жылу магистраліндегі екі негізгі жарылған жерді қалпына келтіру және Мәшһүр Жүсіп көшесіндегі 17 көппәтерлі үйді жылыту жүйелеріне қосу жоспарланып отыр», - делінген ақпаратта.
Сағат 9.00-ден бастап қаланың әлеуметтік нысандары тексеріліп жатыр. Үкімет мүшелері мен жедел штаб қатысушылары Екібастұз қалалық ауруханасында, қабылдау бөлімінде, перзентханада болды. Медициналық мекемелердегі температура 24°C құрайды.