Англия мен АҚШ плей-офф кезеңіне шықты

Англия мен АҚШ плей-офф кезеңіне шықты

Англия мен АҚШ плей-офф кезеңіне шықты
ашық дереккөзі
Англия мен АҚШ футбол құрамалары 2022 жылғы әлем чемпионатының 1/8 кезеңіне өтті деп хабарлады turkystan.kz. В тобының 3-турында ағылшындар Уэльспен кездесті. Ойынның бірінші таймында есеп ашылған жоқ. Ал екінші таймның басында Англия екі минут ішінде екі гол соқты. 50-минутта Маркус Рэшфорд көзге түссе, 52-минутта Фил Фоден қарсылас қақпасына дәл соққы жасады. Сонымен қатар 68-минутта Рэшфорд өзінің екінші, Англияның үшінші голын салды. Осы жеңістен соң Англия құрамасы 7 ұпай жинап, В тобында бірінші орынмен плэй-офф кезеңіне жолдама алды. Ал Уэльс құрамасы топта бір ұпаймен соңғы орында. Осылайша, В тобынан Англиямен бірге АҚШ плей-офф кезеңіне жолдама алды. 1/8 финалда Нидерланд АҚШ-пен, Англия Сенегалмен ойнайды.