Мемлекет басшысы EDF компаниясының бас директорын қабылдады

Мемлекет басшысы Électricité de France (EDF) компаниясының бас директоры Люк Ремонды қабылдады деп хабарлады turkystan.kz.
Кездесу барысында Қасым-Жомарт Тоқаев Люк Ремонмен атом энергетикасы саласына озық технологияларды енгізу мәселесін талқылады.
Президент қазақстандық мамандар атом энергетикасы саласындағы әлемдік жетекші компаниялардың озық технологияларын зерттеп жатқанын жеткізді.
Сондай-ақ олар жаңартылатын қуат көздері саласындағы бірлескен жобаларды жүзеге асыру перспективаларын қарастырды.