Смайылов «АрселорМиттал Теміртау» басшысына ескерту жасады

Смайылов «АрселорМиттал Теміртау» басшысына ескерту жасады

Смайылов «АрселорМиттал Теміртау» басшысына ескерту жасады
ашық дереккөзі
50478
ҚР Премьер-министрі Әлихан Смайылов ArcelorMittal компаниясының ТМД бойынша вице-президенті Виджай Гоялмен және «АрселорМиттал Теміртау» АҚ бас директоры Биджу Наирмен кездесті деп хабарлады turkystan.kz Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Әлихан Смайылов кәсіпорын басшылығының назарын жұмыскерлердің өлімі мен жарақаттануына әкеп соқтырып жатқан өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы елеулі кемшіліктерге аударды. Сондай-ақ комбинаттың экологияға келтіретін зардабы туралы және өндірісті жаңғыртуға бағытталатын инвестициялар көлемінің жеткіліксіз екенін айтты. Премьер-министр жағдайды түзету үшін түбегейлі шаралар қабылдауды талап етті. Өз кезегінде Виджай Гоял «АрселорМиттал Теміртау» АҚ жұмысшыларының өліміне әкелген жуырдағы төтенше жағдайға байланысты өкінішін білдірді. Ол жағдайды жеке өзі қарастырып, түйткілді мәселелерді шешу мақсатында қосымша шаралар пакетін әзірлеу үшін Қазақстанға арнайы келгенін айтты. Кездесу қорытындысы бойынша Премьер-министр компания міндеттемелерінің орындалуы Үкіметтің ерекше бақылауында болатынын атап өтті.

Серіктес жаңалықтары