50255
«Көп жағдай болды»: Хабиб карьерасын неліктен аяқтағанын айтты
«Көп жағдай болды»: Хабиб карьерасын неліктен аяқтағанын айтты
Жеңіл салмақта UFC ұйымының бұрынғы чемпионы Хабиб Нурмагомедов карьерасын не үшін аяқтағанын айтты деп хабарлады turkystan.kz Vesti.kz сайтына сілтеме жасап.
«Мен анама уәде бердім. Сол үшін карьерамды аяқтадым. Негізінде жанкүйерлер білмейтін көп жағдай болды. Карьерамды тек бұл уәде үшін аяқтаған жоқпын. Бірақ анама берген сөзімде тұруым керек. Себебі сенде дос, бала, жалпы барлық нәрсе болуы мүмкін. Алайда анаң екінші рет болмайды. Ол - мен үшін бұл әлемде теңдессіз адам. Иә, Дағыстанда, жалпы көп жерде адамдар аналарын дұрыс құрметтемей жатады. Мұны түсінбеймін. Адамдар әке-шешесімен қалай жаман қарым-қатынаста болуы мүмкін? Мен оған патшайым сияқты қараймын», – деді Нурмагомедов МMA Junkie YouTube арнасына берген сұхбатында.