50261
Өскемендік оқушылар тағы да онлайн форматта оқиды
Өскемендік оқушылар тағы да онлайн форматта оқиды
Өскемен қаласында мектеп оқушылары аязға байланысты екінші күн қатарынан онлайн форматта оқиды деп хабарлады turkystan.kz.
ШҚО Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, өңір аумағында аяздың беті қайтпай тұр. 29 қарашада түнде облыстың солтүстік-шығысында ауа температурасы 43 градусқа дейін төмендейді.
«Оның ішінде Өскеменде де қатты аяз. Соған орай, қала мектептеріндегі бірінші ауысымдағы 0-11 сынып оқушылары үшін сабақ қашықтан өтеді», - делінген ақпаратта.