50226
ӘЧ: Нидерланды мен Эквадор құрамалары тең түсті
ӘЧ: Нидерланды мен Эквадор құрамалары тең түсті
Катардың «Халифа» стадионында әлем чемпионатының А тобындағы Нидерланды мен Эквадор құрамалары кездесу өткізді деп хабарлады turkystan.kz.
Матч 1:1 есебімен тең аяқталды. Кездесудің 6-минутында Нидерланд футболшысы Коди Гакпо есеп ашты. Ал 49-минутта Эннер Валенсия таразы басын теңестірді.
Дәл қазір А тобындағы жағдай төмендегідей:
Нидерланды – 4,
Эквадор – 4,
Сенегал – 3,
Катар – 0.
Осылайша, турнир қожайындары Катар құрамасы 2022 жылғы әлем чемпионатының плей-офф кезеңіне шығу мүмкіндігінен айырылды.