Астанада демалыс күндері жәрмеңке өтеді

Астанада демалыс күндері жәрмеңке өтеді

Астанада демалыс күндері жәрмеңке өтеді
ашық дереккөзі
Астанада алдағы демалыс күндері, яғни 26 және 27 қарашада жәрмеңке өтеді. Онда елордалық тауар өндірушілер өз өнімдерін ұсынады деп хабарлады turkystan.kz қалалық әкімдіктің сайтына сілтеме жасап.
«Елордалық тауар өндірушілер мынадай тауар түрлерін ұсынады: ет және шұжық өнімдері, ұн мен макарон өнімдерінің әртүрлі түрлері, сондай-ақ әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының барлық түрі: көкөністер, нан өнімдері, жарма, жұмыртқа, күнбағыс және май, сүт өнімдері, қант және т.б. Жәрмеңке Жүргенов, 29 мекенжайында өтеді», - делінген хабарламада.
Елорда тұрғындары мен қонақтары сенбі және жексенбі күндері сағат 10:00-ден 18:00-ге дейін бара алады. Барлық өнім нарықтан 10-15% төмен бағада сатылады.