Димаш ел біле бермейтін ерекше өнерін көрсетті (ВИДЕО)

Димаш ел біле бермейтін ерекше өнерін көрсетті (ВИДЕО)

Димаш ел біле бермейтін ерекше өнерін көрсетті (ВИДЕО)
ашық дереккөзі
Әлемге танымал әнші Димаш Құдайберген студиядағы орынын спорт залмен алмастырды деп жазды turkystan.kz. Талантты әншінің таэквандомен шұғылданып жүрген видеосын оның әкесі Қанат Айтбаев әлеуметтік желіде жариялады.
«Сахнада еркін ән шырқау үшін денең ширақ болып, бойда қан ойнап тұруы керек», - дейді Димаштың әкесі.
Сондай-ақ аталған видеоны Димаш Құдайберген де өз парақшасында бөліскен.
«Шынымды айтсам таэквондомен айналыспағаныма көп болды, бірақ тезірек формаға ораламын деп ойлаймын», - деп жазды әнші.
Оның бұл видеосын көрген көпшілік әртүрлі пікір білдіруде.
«Мәәә, мына бала Қазақтың атын әлемге танытқан әнші болмаса — көп көрім каратист болайын деп тұр екен», «Дұрыс теуіп жатқан жоқ! Тізеге күш түседі», «Димаш таэквондо соққыларынкеремет орындайды екен», «Сегіз қырлы, бір сырлы! Аман жүрсін!», «Алла тіл-көзден сақтасын» деп жазды желі қолданушылары.
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 

Публикация от Dimash Qudaibergen (@kudaibergenov.dimash)