Әлем чемпионаты: Португалия Гананы жеңді

Әлем чемпионаты: Португалия Гананы жеңді

Әлем чемпионаты: Португалия Гананы жеңді
ашық дереккөзі
2022 жылғы әлем чемпионатының топтық кезеңіндегі Португалия мен Гана арасындағы ойын аяқталды деп хабарлады turkystan.kz. Тартысты өткен кездесуде еуропалық команда 3:2 есебімен жеңіске жетті. Кездесудің 65-минутында Криштиану Роналду пенальтиді орындады. Ганалық қақпашыны қапы қалдырған португалиялық футболшы әлем чемпионаттарындағы сегізінші голын соқты. Есеп - 1:0. 73-минутта ганалық Андре Айю есепті теңестірді. Бұдан кейін португалиялық ойыншылар үш минуттың ішінде екі гол соғып үлгерді. Атап айтқанда, Хуан Феликс 78-минутта, Рафаэль Леао 80-ші минутта қарсылас қақпасынан саңылау тапты. Дегенмен Гана кездесуде есеп айырмасын қысқартты. 89-минутта Осман Букари гол соғып, құрамасына үміт сыйлады. Соңғы минуттарда қос құрамада да де гол салатын мүмкіндіктер болды. Бірақ таблодағы есеп өзгеріссіз қалды.