Астана қаласына зоосаябақ керек – Сәкен Ділдахмет

Астана қаласына зоосаябақ керек – Сәкен Ділдахмет

Астана қаласына зоосаябақ керек – Сәкен Ділдахмет
ашық дереккөзі
Эколог, қоғам белсендісі Сәкен Ділдахмет facebook-тегі парақшасында не үшін Астанада зоосаябақ салу қажет екенін жазып, түсіндірді деп хабарлады turkystan.kz. Біріншіден. Кез келген зоосаябақтың басты мақсаты жануарлардың түрін сақтау. Яғни, зоологиялық коллекцияны жасақтап, ертең табиғатта жойылып бара жатса, қайтадан олардың санын көбейтіп, табиғи ортасына жіберу болмақ. Тек аң-құстан басқа, жәндіктер, балықтар, бауырымен жорғалаушылар да бар. Әлем бойынша соңғы 30-40 жылда жабайы жануарлардың 69% жойылып кеткен. Бізге де сондай қауіп төніп тұр. Екіншіден. Астана төңірегінде қыс сайын талай жабай жануарлар өз үйірлерінен қалып кетіп жатады. Оларды ұстап, көктемге дейін ұстап тұратын жерді іздеп зар боламыз. Басқа қалада орналасқан зоосаябақтарға жіберудің машақаты өте көп. Үшіншіден. Елорда тас қала болмау керек. Халықтың баратын жері сол сауда орталықтар ғана. Жас ұрпақ табиғатпен танысып, оны сақтау білуді түсіну керек. Төртіншіден. Кеңес үкіметінен бері тәуелсіз елімізде бір зоосаябақ ашылған жоқ. Алматыда 1936 жылы, Қарағандыда 1938 жылы, ал Шымкентте 1980 жылы зоосаябақтар пайда болды.