Венесуэла президенті: Мұнай бағасы 60 долларға жетуі мүмкін

Венесуэла президенті: Мұнай бағасы 60 долларға жетуі мүмкін

Венесуэла президенті: Мұнай бағасы 60 долларға жетуі мүмкін
ашық дереккөзі
237
Венесуэла президенті Николас Мадуро алдағы айларды венесуэлалық мұнайдың бағасы барреліне 60 долларға жетеді деген үмітте, деп хабарлайды ria.ru.
«Алдағы күндері біз ОПЕК елдеріне арнайы сапар жасаймыз. Мен венесуэлалық мұнайдың бағасы барреліне 60 доллар болуын қалаймын»,-дейді Мадуро. Венесуэла басшысының ОПЕК-тің бас хатшысы Мохаммед Баркиндомен кездесуінің қорытындысына байланысты айтқан сөзін Noticias24 келтіреді. Өз кезегінде ОПЕК басшысы баға тепе-теңдігін сақтау мақсатында Мадуро жүзеге асырған бастамаға жоғары баға берді.
«Мадуро берген кеңес Венада қараша айында өткен келісімге қол жеткізуде нақты қадам болды және ол әлемдік мұнай нарығының тепе-теңдігін қамтамасыз ететін алаңның негізін қалады».-деді Баркиндо. Оның сөзінше, нарық тиімділігінің қазіргі жағдайы мұнай өндіруші елдер мен әлемдік экономиканың мүддесіне сай қалыптасатын болады. 

Серіктес жаңалықтары