50244
Ақмола облысында 19 жастағы студент алты жылға сотталды
Ақмола облысында 19 жастағы студент алты жылға сотталды
Ақмолада мефедронды заңсыз өткізген студент 6 жылға сотталды деп хабарлады turkystan.kz Халық үніне сілтеме жасап.
Ақмола облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында ҚР ҚК 297-бабының 2-бөлігі («Ірі мөлшердегі психотроптық заттарды, сол тектестерді өткізу мақсатында заңсыз сақтау») бойынша қылмыс жасағаны үшін кінәлі деп танылған Көкшетау қаласының 19 жастағы тұрғынына қатысты қылмыстық іс қаралды. Одан 0,43 грамм «мефедрон» психотроптық заты тәркіленген болатын.
Сот отырысында сотталушы кінәні ішінара мойындады. Ол есірткі заттарын сатумен айналыспағанын, ал тәркіленген психотроптық затты досының өтініші бойынша сатып алғанын айтты. Алайда жас жігіттің кінәсі Ақмола облысының полицейлері жинаған бұлтартпас дәлелдермен, сондай-ақ сот отырыстары барысында жауап алынған куәгерлердің айғақтарымен расталды.
Сот қылмыстық жолмен өндіріп алынған мүлікті тәркілей отырып, сотталушыға орташа қауіпсіз қылмыстық-атқару мекемесінде 6 жыл бас бостандығынан айыру түріндегі жаза тағайындады.