Бүгін Роналду, Неймар бастаған құрамалар алаңға шығады

Бүгін Роналду, Неймар бастаған құрамалар алаңға шығады
Бүгін, 24 қарашада футболдан Катарда өтіп жатқан әлем чемпионатында G және Н тобы алғашқы ойындарын бастайды деп хабарлады turkystan.kz.
Алаңға Криштиану Роналду бастаған Португалия, Неймар бастаған Бразилия, Швейцария мен Камерун, сондай-ақ Уругвай мен Оңтүстік Корея құрамалары шығады.
«Qazaqstan» және «Qazsport» телеарналары әлем біріншілігінің бүгінгі төрт кездесуін тікелей эфирде көрсетеді.
15:50. Qazsport. Швейцария – Камерун - Уәлихан Қосанбай, Әлімжан Асқар;
15:50. Qazaqstan. Швейцария – Камерун - Есей Жеңісұлы, Сергей Райлян;
18:50. Qazsport. Уругвай - Оңтүстік Корея - Әлімжан Асқар Әділет Құсайынов;
21:50. Qazsport. Португалия - Гана - Әлімжан Асқар;
21:50. Qazaqstan. Португалия - Гана - Жандос Байділдә, Руслан Бақытжан;
00:50. Qazsport. Бразилия - Сербия - Руслан Бақытжан, Сергей Райлян;
00:50. Qazaqstan. Бразилия - Сербия - Есей Жеңісұлы, Уәлихан Қосанбай.