50219
Шатырдан өлі табылған 8-сынып оқушысына қатысты тың дерек шықты
Шатырдан өлі табылған 8-сынып оқушысына қатысты тың дерек шықты
Атырау облысының Жылыой ауданында сегізінші сынып оқушысы өзіне қол жұмсады. 14 жастағы жасөспірімнің денесін ата-анасы өз үйінің шатырынан тапқан деп хабарлады turkystan.kz «Астана» арнасына сілтеме жасап.
Мектеп оқушысы өзіне қол салған кезде үйде ешкім болмаған. Одан бір күн бұрын жасөспірім денсаулығына байланысты сабаққа бармапты. Оны ата-анасы сынып жетекшісіне ескерткен. Ал апта басында осы мектепте деструктивті діни ағымдар, суицид, зорлық-зомбылық тақырыбы бойынша жоғары сынып оқушыларына ақпараттық түсіндіру жұмыстары өткізіліпті. Мектептегі шараларға белсене араласатын оқушының мұндай қадамға неге барғанын ұстаздар да түсіне алмай отыр.
«Оқушы өте ашық мінезді, басқалармен де, сыныптастарымен де, мұғаліммен де, сынып жетекшісімен де жақсы қарым-қатынаста болды. Ешқандай да оғаш мінез-құлқын көрсеткен емес. Дәлізде де өзін тәртіпті ұстайтын. Сабақтан себепсіз қалмайтын», - дейді №18 М.Сатыбалдиев атындағы орта мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Рысгүл Қадырова.Жасөспірімнің суицидке не үшін барғанын полиция анықтап жатыр.