Әлем чемпионатына дайындық кезінде 15 мың құрылысшы қаза тапқаны рас па?

Әлем чемпионатына дайындық кезінде 15 мың құрылысшы қаза тапқаны рас па?

Әлем чемпионатына дайындық кезінде 15 мың құрылысшы қаза тапқаны рас па?
ашық дереккөзі
Катардағы әлем чемпионаты басталмас бұрын әлемдік додаға аталған елдің дайындығы туралы неше түрлі сыни пікірлер айтылды. Олардың арасында елдегі адам құқығы, ЛГБТ өкілдеріне қысым, мундиальды өткізу барысындағы сыбайлас жемқорлық мәселелері де бар. Соның ішіндегі ең көп талқыға түсіп, шуға ұласқан мәселе - спорттық кешендерді салу кезіндегі мыңдаған жұмысшылардың өлімі болды.  Сол кезеңдерде әлемдік БАҚ өкілдері әлем чемпионатына дайындық кезінде 15 мың құрылысшының қаза тапқанын жарыса жазған. Атап айтқанда, 15 021 адамның көз жұмғаны туралы дерек Amnesty International (AI) құқық қорғау ұйымының 2021 жылғы есебінде айтылды. Ал The Guardian газетінің 2021 жылы жариялаған мақаласында 6,5 мың адамның о дүниелік болғаны туралы хабарланды. Алайда, DW зерттеуі бойынша, аталған екі зерттеу материалында да ондағы адамдар тек мундиальға дайындық барысында (стадиондар cалу немесе басқа спорттық нысандардың құрылысы кезінде) қаза тапты деген нақты айғақ жоқ. AI есебіне келер болсақ, ол Катар билігінің 2010-2019 жылдардағы ресми статистикасына негізделіп жасалған. Осы кезеңде елде шет елдерден келген 15 799 адам көз жұмған. Олардың арасында тек жұмысшылар емес, мұғалімдер, кәсіпкерлер, сонымен қатар дәрігерлер де бар. FIFA мен Катардағы әлемдік доданы ұйымдастыру комитеті әлем чемпионатына арнап салынған нысандардың құрылыс жұмыстары кезінде тек 3 адам қаза тапты деп мәлімдеме жасады. Олар, сондай-ақ, мундиальға қатысы жоқ нысандарды салу барысында тағы 37 жұмысшының қайтыс болғанын ашып айтты. DW бұл көрсеткіш шындыққа жанасатынын жазды. Өйткені, екі жұмысшы биіктіктен құлаған, тағы бір жұмысшыны жанармай құюшы көлікпен қағып кеткен. Қорыта айтқанда, Катар билігінің еңбек мигранттарының өлімі туралы ресми нақты деректерді ашық көрсетпеуі көпті алаңдатып отыр.