Ел гимнін орындамаған Иран құрамасы әлемдік додадан шығып қалмай ма?

Ел гимнін орындамаған Иран құрамасы әлемдік додадан шығып қалмай ма?

Ел гимнін орындамаған Иран құрамасы әлемдік додадан шығып қалмай ма?
ашық дереккөзі
Катарда өтіп жатқан футболдан әлем чемпионатында Иран құрамасының ойыншылары Англиямен кездесу алдында өз үкіметтеріне наразылық ретінде ел гимнін айтпады деп хабарлады turkystan.kz Халық үніне сілтеме жасап. Матчтың алдында «Фейеноорд» клубында ойнайтын парсы капитаны Алиреза Жаганбахш осы күндері Иранда болып жатқан үкіметке қарсы наразылық қозғалысына қолдау көрсету ниетімен команданың осындай «ұжымдық» шешімге келгенін айтты. Кездесу басталар алдында Иранның гимні ойнап жатқанда, ел құрамасының 11 ойыншысы үнсіз қалды. Айта кетейік, осы күндері Иранда билікке қарсы наразылық қозғалыстары болып жатыр. Ол қыркүйек айында парсы елі полициясының 22 жастағы Махса Аминиді хиджаб кимей жүргені үшін азаптап өлтіргенінен кейін басталып кетті. Бұған дейін Катарда өтетін додаға қатысудан бас тартқан, бұрынғы ел құрамасының шабуылшысы  Али Даеиді өлім жазасына кескен болатын.