Ақтөбеде жоғалған қойшы табылды

Ақтөбеде жоғалған қойшы табылды

Ақтөбеде жоғалған қойшы табылды
ашық дереккөзі
50246
Ақтөбеде құтқарушылар мал іздеуге шығып, қайта оралмаған 52 жастағы ер адамды тапты деп хабарлады  turkystan.kz ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап. «2022 жылғы 21 қараша күні 18 сағат 50 минутта Байғанин ауданы, Көлтабан ауылдық округінде 52 жастағы ер адамның мал іздеуге шығып, қайта оралмағаны бойынша ақпарат келіп түсті. Оқиға орнына құтқарушылар бірден шығып, жоғалған азаматты іздеуге кірісті. Нәтижесінде құтқарушылардың күшімен 21 сағат 00 минутта адасқан азамат Сорқұдық подхозынан 3 шақырым қашықтықтан аман-есен табылды. Зардап шеккен жоқ, сол себепті медициналық көмекті қажет етпеді», - делінген хабарламада. Бұдан басқа, құтқарушылар 1967 жылы туған тағы бір адамды іздестіріп жатыр. Ол 21 қазанда балық аулау кезінде жоғалып кеткен. Іздеу жұмыстары әлі де жалғасып жатыр.

Серіктес жаңалықтары