WhatsApp-тағы топқа қосылғандар 13 млн теңгесінен айырылды

WhatsApp-тағы топқа қосылғандар 13 млн теңгесінен айырылды

WhatsApp-тағы топқа қосылғандар 13 млн теңгесінен айырылды
ашық дереккөзі
Ақтауда WhatsApp арқылы халықты алдаған алаяқ әйел ұсталды деп хабарлады turkystan.kz Polisia.kz сайтына сілтеме жасап. Күдікті мессенджерде бірнеше топ ашып, адамдарды қосқан. Кейін ақша салсаңыз, көбейтіп беремін деген уәде берген.
«Ақтау полициясына алты жәбірленуші арызданған. Алаяқ олардан 13 миллионнан астам теңге алып, алдап кеткен», - делінген хабарламада.
Криминалдық полиция қызметкерлері 51 жастағы әйелді ұсталды. Аталған дерек Ақтау қаласы ПБ-ға ҚР ҚК-нің 190-бабы бойынша тіркелді. Тергеу амалдары жүргізілуде.