Қасым-Жомарт Тоқаев 26 қарашада Қазақстан халқына ант береді

Қасым-Жомарт Тоқаев 26 қарашада Қазақстан халқына ант береді

Қасым-Жомарт Тоқаев 26 қарашада Қазақстан халқына ант береді
ашық дереккөзі
ҚР Орталық сайлау комиссиясы Қасым-Жомарт Тоқаевты Президент ретінде тіркеді. Тоқаев 26 қарашада Қазақстан халқына ант береді деп хабарлады turkystan.kz. ОСК мүшелері 2022 жылғы 20 қарашадағы кезектен тыс Президент сайлауының қорытындыларын анықтау туралы қаулыны бірауыздан қабылдады.
«Орталық сайлау комиссиясы халық сайлаған Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевты Қазақстан Республикасының Президенті ретінде тіркеді және заңнамада белгіленген тәртіппен сайланған Мемлекет басшысына тиісті куәлік тапсырылады. Сайланған Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың ант беру күні 2022 жылғы 26 қараша болып айқындалды», - деді комиссия төрағасы Нұрлан Әбдіров.