Қазақстанға көрші мемлекеттерде жер сілкінді

Қазақстанға көрші мемлекеттерде жер сілкінді

Қазақстанға көрші мемлекеттерде жер сілкінді
ашық дереккөзі
50196
Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігіне қарасты сейсмикалық стансалар желісі 21 қарашада Алматы уақыты бойынша 18 сағат 30 минутта және 19 сағат 34 минутта жер сілкінісін тіркеді деп хабарлады turkystan.kz. Жер сілкінісінің ошағы Алматы қаласынан оңтүстікке қарай 290 шақырым жердегі Қытай территориясында орналасқан. Жер сілкінісінің энергетикалық класы - 9.3. MPV магнитудасы - 4,1. Эпицентр координаттары 40,63° солтүстік 77,52° шығыс, тереңдігі - 10 км. Тағы бір жер сілкінісінің ошағы Қырғызстан аумағында Алматы қаласынан оңтүстік-батысқа қарай 525 шақырым жерде орналасқан. Жер сілкінісінің энергетикалық класы - 9.5. MPV магнитудасы - 4,3. Эпицентр координаттары 39,49° солтүстік 73,03° шығыс, тереңдігі - 10 км.
Жер сілкінісінің елімізде сезілгені жайлы мәлімет тіркелген жоқ.

Серіктес жаңалықтары