Ақтауда балаларға дөрекілік танытқан тәрбиеші жұмыстан шығарылды (ВИДЕО)

Ақтауда балаларға дөрекілік танытқан тәрбиеші жұмыстан шығарылды (ВИДЕО)

Ақтауда балаларға дөрекілік танытқан тәрбиеші жұмыстан шығарылды (ВИДЕО)
ашық дереккөзі
Әлеуметтік желіде ақтаулық балабақша тәрбиешісінің балаларды сүйретіп, дөрекілік танытқан видеосы тарады деп хабарлады turkystan.kz Lada.kz басылымына сілтеме жасап. Ақтау қалалық білім бөлімінің басшысы Бағдат Тұрғанбаева мектепке дейінгі мекеме қызметкерінің бүлдіршінге дөрекі қарым-қатынасы түсірілген видеодан кейін «Мәншүк» балабақшасында жүргізілген тексерудің қорытындысына тоқталды. Оның айтуынша, №37 «Мәншүк» балабақшасындағы заң бұзушылықтарды анықтау үшін арнайы комиссия құрылды.
«Тексеру қорытындысы бойынша аталған балабақшаның тәрбиешісі Еңбек кодексінің 52-бабы 1-тармағының 14-тармақшасына «Жұмыс берушінің бастамасы бойынша еңбек шартын бұзудың негіздеріне» сәйкес жұмыстан босатылды. Балабақша директорына сөгіс жарияланды», – деді Бағдат Тұрғанбаева.
Ақтау полицейлері балабақша тәрбиешісіне қандай жаза тағайындалуы мүмкін екенін айтты.
«Тәрбиешіге қатысты Қылмыстық кодекстің 140-бабының 2-бөлігі «Кәмелетке толмаған баланы тәрбиелеу жөніндегі міндеттерді ата-анасының немесе осы міндеттер жүктелген өзге де адамның, сондай-ақ оларды тиісінше орындамауы» бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды», – делінген хабарламада.
Видеоны қоғам белсендісі, блогер Азамат Сәрсенбаев желіде жариялады.