Шетелде жүрген спортшыларымыз бүгінгі сайлауда дауыс берді

Шетелде жүрген спортшыларымыз бүгінгі сайлауда дауыс берді

Шетелде жүрген спортшыларымыз бүгінгі сайлауда дауыс берді
ашық дереккөзі
50243
Әлемнің әр түкпірінде жүрсе де, түрлі спорттан ел намысын қорғап жатқан қазақстандық Ұлттық құрама командалардың мүшелері бүгінгі ҚР президенттігіне сайлаудан тыс қалмай, дауыс беруге қатысты деп хабарлады turkystan.kz Azattyq Ruhy сайтына сілтеме жасап. ҚР Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі хабарлағандай, Қазақстан Ұлттық футбол құрама командасы Абу-Дабиде дауыс берген.  width= Сондай-ақ конькимен жүгіру спортынан Қазақстан ұлттық құрамасы Нидерландта дауыс берді. Ал жеңіл атлетикадан Қазақстан құрамасы Анталияда дауыс берді.  width=
«Мажарстандағы 2022-2023 маусымына Еуропа әйелдер хоккей лигасына қатысуға келген алматылық «Айсұлу» клубы Будапешт қаласындағы №243 сайлау учаскесінде дауыс берді», - делінген хабарламада.
 width= Айта кетсек, бүгін, 20 қарашада Қазақстанда кезектен тыс президент сайлауы өтіп жатыр. Сайлау учаскелері жергілікті уақыт бойынша сағат 20:00-ге дейін жұмыс істейді. Алдын ала жасалатын жалпы қорытынды ақпаратты ҚР ОСК сағат 22.05-те ұсынады. Республика бойынша барлығы 10 101 сайлау учаскесі бар. Қазақстанның шетелдегі мекемелерінде 53 шет мемлекетте 68 учаскелік комиссия құрылды. Сайлау құқығына ие азаматтардың тізіміне барлығы 11 950 485 адам енгізілген.

Серіктес жаңалықтары