Бірнеше өңірде ауа райына байланысты ескерту жарияланды

Бірнеше өңірде ауа райына байланысты ескерту жарияланды

Бірнеше өңірде ауа райына байланысты ескерту жарияланды
ашық дереккөзі
50163
Синоптиктер еліміздегі 19 қарашадағы ауа райына болжам жасады деп хабарлады turkystan.kz. 19 қарашада түнде және таңертең Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында тұман, көктайғақ болады деп күтіледі. Оңтүстік шығыстан солтүстік батысқа ойыса жел соғады, түнде облыстың солтүстік батысында соққан желдің екпіні 15-20 м/с жетеді. Орал қаласында түнде және таңертең тұман, көктайғақ болады. Түркістан облысының таулы аймақтарында қар аралас жаңбыр жауады. Облыстың батысында, оңтүстігінде, таулы аймақтары мен тау бөктерінде тұман түседі. Оңтүстік батыстан жел соғады, тау асуларында соққан желдің екпіні 15-20 м/с жетеді.
Шымкент пен Түркістанда синоптиктер тұман болады деп болжайды. Солтүстік Қазақстан облысының батысында, оңтүстігінде, шығысында қарлы боран болады деп күтіледі. Түнде және таңертең аймақтың батысында тұман түсуі мүмкін. Күндіз облыстың басым бөлігінде батыстан, солтүстік батыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с құрайды. Петропавлда батыстан, солтүстік батыстан жел соғады, екпіні - 15-20 м/с.

Серіктес жаңалықтары