50375
Оралдан Алматыға ұшқан ұшақ Ақтөбеге шұғыл қонды
Оралдан Алматыға ұшқан ұшақ Ақтөбеге шұғыл қонды
Оралдан ұшқан FlyArystan ұшағы Алматыға 18 қараша күні сағат 6:15-те жетуі керек болған деп жазды turkystan.kz.
Бірақ, борт ішіндегі бір жолаушы өзін жайсыз сезінгендіктен, ұшақ шұғыл түрде Ақтөбеге қонған.
Белгілі болғандай, Оралдан Алматыға бет алған ұшақ 18 қараша күні сағат 5:20-да Ақтөбе қаласындағы әуежайға қонған.
«Ақтөбеге қонуының себебі – 1963 жылы туған ер адамның денсаулығы нашарлады. Ол Ақтөбе қаласындағы жедел жәрдем ауруханасына жатқызылды», - делінген хабарламада.Қазір оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.