Теннистен Қазақстан әйелдер құрамасы әлемдегі үздік ондыққа енді

Теннистен Қазақстан әйелдер құрамасы әлемдегі үздік ондыққа енді

Теннистен Қазақстан әйелдер құрамасы әлемдегі үздік ондыққа енді
ашық дереккөзі
Халықаралық теннис федерациясы құрама командалардың жаңартылған рейтингісін жария етті деп хабарлады turkystan.kz.
«Қазақстан ұлттық әйелдер құрамасы әлемдік рейтингіде 10-орынға ораналасып, үздік ондықта қалды. Қазақстан әйелдер құрамасы Ресей, Италия, Румыния, Бельгия, Ұлыбритания, Польша сынды елдердің алдында тұр» деп жазды ҚТФ баспасөз қызметі.
Айта кетейік, қазақстандық қыздар командалық әлем чемпионаты – Билли Джин Кинг кубогінің финалдық кезеңінде өнер көрсетіп, Ұлыбританияны ұтқанымен, Испанияға жол беріп, топтан шыға алмай қалды. Рейтинг көшін бұрынғыша Аустралия бастап келеді. Billie Jean King Cup рейтингісінің үздік ондығына мына құрамалар кіреді: 1. Аустралия - 1142; 2. Швейцария - 1041; 3. Испания - 929; 4. Чехия - 922; 5. Франция – 910; 6. Канада - 815; 7. АҚШ - 793; 8. Словакия - 779; 9. Германия - 777; 10. Қазақстан – 739.